№1 ООК «Жүректің жады» әдеби сағаты(Жеңіс күніне орай).

Іс-шараға №1 МЛ 5-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапхананың балалар абонементімен және кітап қорымен танысты. Кітапханашы бүгінгі кездесудің «Жүрек жады» атты әдеби сағатқа арналғанын айтып, Қазақстан халқының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі орасан зор екенін атап өтті. Экраннан Ә. Молдағұлова, Н. Әбдіров, М. Мәметова, Х. Доспанова, М. Жәлил, Т. Бегелдинов, К. Симонов сынды батыр тұлғалар көрсетілді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларды метроном үні мен жағылған электр шамының жарығында бір минут үнсіздікпен еске алды. «Поэзия парағы» бөлімінде балалар соғыс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды: К. Симоновтың «Жди меня» және Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» шығармалары. Сонымен қатар кітапханашы Мұса Жәлилдің «Варварство» өлеңіне арналған бейнеролик ұсынды. Кітапханада Жеңіс күніне арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар жайлы ерекше қызығушылық танытты. Бұл шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, құрмет пен алғыс қасиеттерін қалыптастыруға және кітаптың тарихи жадыны сақтаудағы маңызын арттыруға бағытталды.