“Парасат жолы” жобасы аясындағы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған “Халық бірлігі – ел күші” атты фестиваль
№ 1 отбасылық оқу кітапханасы 2022 жылы 28 сәуірде “Парасат жолы” жобасы аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған “Халық бірлігі – ел күші” атты фестиваль ұйымдастырды.
Мақсаты: өз елі, өз халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ҚР тұратын басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу.
Фестиваль барысында мерекенің шығу тарихы мен Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы туралы ақпараттық шолу; Бірінші мамырға арналған шағын викторина; “Кітапты сыйлыққа ал” буккроссингі өткізілді.
“Менің өлкем” кітап көрмесіне шолу жасалды, көрмеде біздің қаламыз және көрнекті жерлестерімізге арналған “Тағдырлас қалам – Саран”, “Саранға 60 жыл”, “Saran – Саран”, “Біз қазақстандықтармыз!”атты кітаптар ұсынылды. Қазақстан халқының бай мәдениеті, дәстүрі, өнері бар. Соңында “Біз халықтар достығымен мықтымыз!» атты буктрейлер көрсетілді.