Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • “Референдум – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматы”

    ">

    Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасында жастар мен белсенді оқырмандарға арналған “Референдум – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті, онда саясаттанушы, ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі С.Х. Мұстафин, “№17 МГ” КММ директоры, гуманитарлық ғылымдар магистрі Н.В. Максименко, белсенді оқырман Е.А. Рейслер және қалалық партия активінің мүшелері сөз сөйледі.
    Олар Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум жаңа Қазақстанды жан-жақты демократияландыру мен құру бағытын нығайтатынын қатысушыларға жеткізуге тырысты. Бастамаланған өзгерістер іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшудеміз.