Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • “Зұлмат жылдар қасіреті”атты тарихи сағаты

    ">

    3 кітапхана бөлімшесінде  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған “Зұлмат жылдар қасіреті”атты тарихи сағат өткізілді. Кітапханашы кітаптарға шолу жасап, Қазақстанды да басып алған жаппай саяси қуғын-сүргін туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол репрессия бүкіл қоғамға айтарлықтай соққы бергенін, миллиондаған адамдардың тағдыры бұзылғанын айтты. Балалар ешбір кінәсіз қуғын-сүргінге ұшыраған сонау  сұмдық кезеңді, тек байырғы халық – бауырмал қазақ халқының арқасында ғана сол кездегі барлық қиыншылықтардан сүрінбей  өткенін білді.