Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • «Тарих ақиқаты: есте сақтау және ауырсыну»

    ">

    31 мамыр — Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

    Осы атаулы күнге №4 кітапхана бөлімшесі №2 ЖББМ-пен бірлесіп “Тарих ақиқаты: естелік және мұң” атты кездесу кешін дайындады. Балаларға еліміздегі қуғын-сүргін кезеңі туралы қысқаша ақпарат беріліп, сол қорқынышты кезеңге арналған “Естен кетпес естелік..” атты кітап көрмесін таныстырды. №2 ЖББМ тарих мұражайының жетекшісі И.Б. Карпов қатысушыларды “Карлаг тұтқындары” экспозициясын көруге шақырды.

    Бұл дата – саяси қуғын-сүргін кезінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің барлығын еске алуға арналған тарихтағы қайғылы беттер туралы еске салу күні.