Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • “Сиқырлы шаммен саяхат” әдеби круизі

    ">

    Орталық кітапханада балаларды қорғау күніне орай “Сиқырлы шаммен саяхат” атты әдеби круиз мерекесі өтті. Мерекеге №17 мектептің 2 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге шақырылды. Кітапханашылар балаларды мерекемен құттықтап, оларға танымдық және қызықты жаз өткізуді тіледі, мерекенің пайда болу тарихы туралы айтты. Ал қандай мереке ойынсыз өтеді. Кітапхана қызметкерлері балалармен әдеби және ертегі кейіпкерлерін, орыс және шетел жазушыларының шығармаларын білуге арналған “Сүйікті әдеби кейіпкерлердің шеруі” атты әдеби викторина өткізді. Жас оқырмандар барлық сұрақтарға белсенді жауап берді, жұмбақтар шешті. Жеңілгендер болған жоқ, барлығы мадақтамалар алды. Ал мерекенің ең белсенді қатысушылары телефон тіректерін алды. Мереке қызықты өтті. Кітапханашылар кішкентай оқырмандарға жазда кітапхананы ұмытпауды, міндетті түрде оқуды ұмытпауға кеңес берді.