“Жүрекке жеткен сырлы сөздері”
№4 кітапхана-бөлімшесі №2 ЖББМ педагогтары және оқушыларымен бірлесе отырып Абай күніне арналған “Жүрекке жеткен сырлы сөздері” атты дөңгелек үстел өткізді. №2 ЖББМ директорының м.а. А.К. Күзембаева құттықтау сөз сөйледі. И.Б. Карпов М. Әуезовтың “Абай жолы” романынан үзінді оқыды. Жергілікті ақын Ю.Б. Селиванова Ұлы ақын шығармашылығының өз шығармаларына әсері туралы айтып берді.