«Білім елі» кітап бумы
Білім күні – ерекше, қуанышты және салтанатты мереке. Күздің бірінші күнінде кітапхана қызметкерлері білім күніне арналған іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.
№1 отбасылық оқу кітапханасы жас оқырмандарға арналған “Білім елі” атты кітап мерекесін дайындады. Балалар “Білім еліне” саяхат жасай отырып, тапсырмаларды орындады: ертегі кейіпкерлерін еске алды, рифмдер құрып, әдеби жұмбақтар шешті, сөздерге синонимдер таңдады, құпия хабарламаларды ашты.
Іс-шара соңында, әркім өз қызығушылықтары бойынша кітаптарды қарастырды.