“Қазақстаным, сен маған қымбатсың” – "САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ" КММ КГУ "ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА" Г.САРАНИ

Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • “Қазақстаным, сен маған қымбатсың”

    Республика күніне орай №4 кітапхана бөлімшесінде “Қазақстаным, сен маған қымбатсың” атты жастармен диалог өтті. Оның барысында кітапханашылар Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері, Егемен Қазақстанның астанасы туралы әңгімеледі. Оқушылардың орындауында Отан туралы өлеңдер айтылып, еліміздің тарихы жайлы блиц-викторина өткізілді. Балалар Қазақстан тарихы бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Олар Қазақстанның болашағын құру, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты сақтау және нығайту туралы пікірлерін білдірді. Біз бәріміз бірге ежелгі және керемет Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауымыз керек – бұл біздің өркендеуіміздің маңызды шарты!