“Көмекей әулие”
Биыл белгілі қазақ ақыны және мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл толады. 18.01.2023 ж. ОҚК кітапханашылары СЖГТК студенттерімен бірлесіп “Саран қаласының Мәдениет үйі” КМҚК-даосы тарихи оқиғаға арналған “Көмекей әулие”атты оқырман конференциясын өткізді. Жас ұрпақты аңыздарға толы Бұқар жыраудың өмірімен таныстырды. Шақырылған студенттер іс-шараға белсенді қатысып, Бұқар жыраудың бүгінгі күнде де өзекті және қызықты туындыларын оқыды. Жастардың назарына ұлы ақынның ұзақ ғұмырындағы маңызды оқиғалар туралы бейнероликтер ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушылар данышпанның даналық сөздерін есте сақтау және ата-баба өсиеттерін орындау қаншалықты маңызды екендігі туралы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісті.