№ 4 кітапхана-филиалында Коворкинг орталығының ашылуы

№4 кітапхана бөлімшесінде Саран қаласының 70 жылдығы аясында коворкинг орталығы  ашылды. Коворкинг орталығы-заманауи тренд, бос уақытты ұйымдастырудың танымал форматы. Іс-шараға қатысқан жергілікті ақындар Т.В. Стрелчук пен Ю.Б. Селиванова кітапхананың одан әрі жаңа, ерекше, уақыт ағымына сай келетін жемісті жұмыс тіледі. №3 КБ аға кітапханашысы Т.А. Айткожинаның сөйлеген сөзі  қалаға, сүйікті жұмысына деген жылулыққа толы болды. Біздің коворкинг-орталығымыз барлық тілек білдірушілерді өзін-өзі жетілдіруге  және шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға шақырады.