«Егемен еліміздің Конституциясы» құқықтық дайджесті

28 тамыз күні №1 ООК Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған құқықтық дайджест болып өтті. Іс-шараға «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» мүшелері қатысып, Конституцияның құрылуы, ҚР Конституциясының негізгі аспектілері туралы ақпарат берді. Конституция – заңдылықты, құқықтық тәртіпті және мемлекеттік билік институттарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты құжат екені атап өтілді.Қазақстан Республикасының бүкіл құқықтық жүйесі – заңдар, заңға тәуелді және нормативтік-құқықтық актілер – Конституцияға негізделіп қабылданады.Конституцияның басты мақсаты – елдегі құқықтық тұрақтылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығына кепілдік беру.