«Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» тарихының орбитасы
Біздің тарихымыздағы аса маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін белгілеу болып табылады. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы Заңдарға қол қойылды. Бүгінде бізде халқымыздың тарихи жолын, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бейнелейтін Әнұран мен Елтаңба және көгілдір көк Туымыз бар.
Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба, Әнұран — бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар.
«Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты тарих орбитасы интеллектуалдық-танымдық сипатқа ие, еліміздің патриоттары мен азаматтарын қалыптастырудағы маңызды кезең болып табылады.