«Мейірімділік әр жүректе»

18 қазанда ОҚК кітапханашылары үйде әлеуметтік көмек көрсету
бөлімшесі қызмет көрсететін ерекше балалар үшін «Мейірімділік
әр жүректе» атты қиял сағатын өткізді, іс-шараның барысында
балалар қолда бар құралдардан әдемі кірпілер жасады. Балалар
құмарлықпен және қызығушылықпен фантазияларын қоса отырып
өз шеберліктерін көрсетті. Соңында кітапханашылар балаларды өте
әсем суреттелген және қызықты 3Д, 4Д форматтағы кітаптармен
таныстырды.