«Әлемнің сұлулығы – әйел әшекейлері»
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында коворкнгте А.Құнанбаев атындағы СЖГТК ДВ-9Б-23 тобының студент қыздарына арналған «Әлемнің сұлулығы – әйел әшекейлері» атты шамбала білезігін тоқу бойынша шеберлік сыныбы өтті. Іс-шара барысында қонақтар мерекенің құрылу тарихы туралы білді, «Ұлы мәртебелі әйел» кітап көрмесімен танысты. Соңында қыздар «Шабыт» БиблиоСтудия клубының жетекшісі О.В. Борщтың басшылығымен «Шамбала білезігін» жасап үйренді.