«Менің жетістігім – менің нәтижем»

Еңбек күніне орай Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында №17 ГМ-нің 9-сынып оқушылары үшін «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты тич-ин өтті. Шараның басында кітапханашы қатысушыларды Еңбек күні мерекесінің мән-маңызымен таныстырды. Іс-шараға «Саран қаласының Мансап орталығы» КММ-нің маманы К.О. Тұңғышбаева қатысты. Ол әңгіме барысында қаламыздағы бос жұмыс орындары туралы кеңінен айтып өтті.СТК оқытушысы Г.К. Райханова колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстырды. Ал «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы А.О. Қанапиянова «Жасыл ел» жобасы туралы айтып берді. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.