«Өмірдің алтын күзі» кездесу — арнау

«Өмірдің алтын күзі» кездесу — арнау (Халықаралық қарттар күні) («Поколение» клубы аясында)

Отбасылық оқу кітапханасында қазан айының алғашқы күндері ең құрметті, ең дана, ең қадірлі – аға буын өкілдеріне арналған мерекені атап өту игі дәстүрге айналған. Шараны жүргізуші жылы лебізін білдіріп, келген қонақтарға мейірімге толы құттықтауларын жолдап, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй мен ұзақ ғұмыр тіледі. Іс-шара қонақтары – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері – өз өмірлік тәжірибелерімен, жастық шағының сырларымен бөлісіп, көңіл-күйді жақсарту жолдарын айтып, өмірдегі маңызды құндылықтар туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, олар сүйікті әндерін орындап, дәмді тағамдардың құпиясымен бөлісті. Қонақтар «Кел, танысайық», «Әже бәрін біледі», «Көңілді викторина», «Кітап диалогы», «Музыкалық», «Тапқырлық» сияқты түрлі ойындар мен байқауларға белсене қатысты.