Таза ой-таза қоғам, таза Қазақстан

4 қараша күні № 1 отбасылық оқу кітапханасында Абай Құнанбайұлы атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен «Таза ой – таза қоғам, таза Қазақстан» тақырыбында пікірсайыс өтті. Іс-шара барысында Таза Қазақстан тақырыбы талқыланды. Таза Қазақстан дегеніміз не? Бұл тек экология ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың ойының, іс-әрекетінің және жауапкершілігінің тазалығы. Студенттер тобы екі командаға бөлініп, өзара сайысқа түсті. Командалар бұл мақсатқа жетудің әртүрлі тәсілдері бойынша өз көзқарастарын дәлелдеді. Іс-шараның спикерлері ретінде «Жастар ресурстық орталығының» маманы Аяжан Берікболқызы Орынбек және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Рымқұлқызы Денеева сөз сөйледі.