№1 ООК «Ащы дәуір естелігі» еске алу кеші(Саяси репрессиялар мен аштық құрбандарын еске алу күніне орай).

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Дәуірдің ащы естелігі» атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шараға Абай атындағы СЖГТК студенттері шақырылды. Іс-шара жүргізушісі И.В. Мирошникова қатысушыларды еліміз бен өңіріміз тарихындағы қайғылы кезеңдердегі оқиғаларымен таныстырды. Сонымен қатар, осы атаумен кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасалды. Көрме сталиндік кезеңде жазықсыз жала жабылып, «халық жауы», «тыңшы», «террорист» деп айыпталған, Қарағанды жеріндегі тікенек сымның ар жағында жазасын өтеген жандарға арналды.

Іс-шара барысында А. Ахматованың «Сондай қорқынышты заман еді», «Арнайы қоныстанушылар әні», «Шам жағыңдар» атты өлеңдері оқылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын метроном үнімен бір минут үнсіздікпен еске алып, электр шамы жағылды.

№1 ООК  кітапханашылары дайындаған «Карлаг – халық қасіреті», «Карлаг – дәуірдің мұңды ескерткіші» атты бейнероликтер ұсынылды. Сондай-ақ ұлт зиялылары, «Алаш» қозғалысының көшбасшылары – ұлт мақтанышы, парасатты да асыл тұлғалар С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Дулатов, Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Сәдуақасов және т.б. арналған «Халық жадындағы есімдер» атты бейнеролик көрсетілді.

«Ащы заман шежіресі» бөлімінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары – іс-шара спикерлері, тарихшы, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.А. Рейслер және СТК кітапханашысы М.А. Гофман өз естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қонақтарға гүл шоқтары табысталып, А. Стаценконың «Көктегі бүркіт» әні қойылды.