«Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі» көрме-шолу
№1 ООК «Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі» көрме-шолу (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттық көрме ұйымдастырылып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихына шолу жасалды. Рәміздердің авторлары туралы мәлімет беріп,
тақырыпқа байланысты кітаптар, энциклопедиялар, мерзімді басылымдар мен фотоматериалдар таныстырылды. Оқырмандарға рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіріп, патриоттық өлеңдер оқылып, мақал-мәтелдер айтылды. «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында сұрақ-жауап, викторина өткізілді, Тәуелсіздік, Отан, ел рәміздері туралы пікір алмасты.




