«Астана – тарихтың алтын парағы» атты әдеби вернисажы (Астана күні).
Шара барысында оқырмандарға Астана қаласының өткені мен бүгіні, елорда ретінде қалыптасу кезеңдері, сәулеттік келбеті мен жетістіктері туралы мәліметтер ұсынылады. Кітап көрмесіне Астана тарихы, мәдениеті, көрікті орындары және елорда туралы жазылған көркем шығармалар, фотоальбомдар, энциклопедиялар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Әдеби вернисаж оқырмандарға елорданың тарихи даму жолын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы ерекше орнын және бүгінгі жетістіктерін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Шара барысында оқырмандар Астана туралы әдебиеттермен танысып, өздерінің тарихи танымын кеңейтті, туған елге деген мақтаныш сезімдерін арттырды. Әдеби вернисаж жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, кітап оқуға қызығушылықты арттыруға және елорданың рухани-мәдени құндылықтарын насихаттауға ықпал етті.





