Ақтас кентінің тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект курсын ашу
Қала күніне орай Ақтас кентіндегі №2 ООК коворкинг орталығында тұрғындарға арналған цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект бойынша тегін оқыту курсының ашылуы өтті. Аталған оқу Қазақстан Республикасындағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Екі апта бойы «Террикон алқабы» өңірлік IT-хабының спикерлері оқуға ниет білдірген барлық қатысушыларға офлайн және онлайн форматта сабақ өткізеді. Қызықты әрі өзекті тақырыптар, практикалық сабақтар, сондай-ақ халықаралық үлгідегі сертификаттар заманауи цифрлық әлемде өзіне сенімді болғысы келетін жандарды күтуде



