«Қайғылы жылдар жаңғырығы»
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай СМҮ конференц-залында «Қайғылы жылдар жаңғырығы» конференциясы өткізілді. Кездесуге қала тұрғындары, ардагерлер, СЖГТК студенттері шақырылды. Іс-шара жүргізушілері И.Мирошникова және Ж.Құрманалина қатысушыларды ел тарихы мен біздің өлкеміздің қайғылы беттеріндегі оқиғалармен таныстырды. «Естелік атаусыз болмайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Қ. Абжатовтың жетекшілігімен домбырашылар дуэтінің музыкалық нөмірлері (күйлер) орындалды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Саяси қуғын – сүргіннен зардап шеккендердің балалары Прохорова Е.И., Гофман М.А. өздерінің естеліктерімен бөлісіп, өлеңдер оқылды. Қоғам қайраткері, саясаттанушы С.Х. Мұстафин мен «Парламент Жігер» студенттік жастар қозғалысының жетекшісі Д.М. Шарипова, «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ақпараттық-насихаттау жұмысы секторының меңгерушісі Е.А. Гусева сөз сөйледі.
Әділетсіз сотталғандардың естіліктерін сақтай отырып, біз тәуелсіздігіміздің негізі болып қалатын жарқын болашақты құра аламыз. Тәуелсіз Қазақстан Бүкіләлемдік тарихқа жол ашады, бүгінде аспанымыз ашық, бірақ сол алыстағы қайғылы жылдардың жаңғырығы мәңгі есте сақталады.