Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – біздің отанымыз» жақсылық пен үміт мерекесі

2023 жылғы 1 наурызда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты жақсылық пен үміт мерекесі өтті.

№1 ООК кітапханашысы барлық қазақстандықтардың мейірімділік, достық және махаббат мерекесі туралы  ақпарат берді. В.Осееваның «Волшебное слова» әңгімесі оқылды.

Балалар сыпайылық пен қайырымдылықтың адамдарға қалай әсер ететінін  бағалап, дөрекілікпен салыстырды. «Біз ризашылық білдіруді білеміз бе?» ойыны арқылы олар ризашылықтың не екенін түсініп, бұл – көрсетілген жақсылық пен ризашылық сезімі деген қорытынды жасады. «Мен ризашылығымды білдіремін» ойынында балалар алғыс сөздерін айтуды үйренді. Қорытындылай келе, барлық балалар үйде ризашылық білдірген адамның суретін саламыз деп шешім қабылдады.