«Қаламыздың адамдары»

№6 ЖББМ оқушылары мен педагогтары үшін «Саран қ. ОКЖ» КММ шығарған «Қаламыздың адамдары» атты өлкетану құралдарының күні өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар кітапханада жүргізіліп жатқан өлкетану жұмыстары туралы айтып, бірқатар оқу құралдарын ұсынды: «Чернобыль: жан сыздатар ащы естелік» – Чернобыль атом электр станциясының зардаптарын жоюға қатысушылардың естеліктері туралы; «Малая родина-большая история» – Саран қаласының және қаланың құрметті азаматтарының тарихы туралы; «Соғыс жайлы естеліктер…» – тыл еңбеккерлеріне және 1941-1945 жылдардағы соғыс балаларына арналған; «Поселок наш: история и судьба» – Ақтас кенті мен атақты адамдардың тарихы туралы; ҰОС ардагері Ж. Ж. Жакеновке арналған «Я сын своей земли» әр оқу құралында QR – кодты сканерлеу арқылы көруге болатын бейнематериал, сондай-ақ AR -қосымшасы бар нұсқаулық (толықтырылған шындық) ұсынылған.