«Жаралы жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстелі

31.05.2022 ж. Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасының оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Саран қалалық мешітінің имамы Ә.Қ. Мәулен, Саран қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Ж. Жүсіпбекова, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.А. Рейслер, тілдерді дамыту орталығының әдіскері К.В. Марченко, №17 МГ кітапханашысы М.Г. Голикова, СТК кітапханашысы М.А. Гофман және СВГТК студенттері қатысып, сол қайғылы жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы естеліктерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Тарихтың осы кезеңі туралы естеліктер өлеңдер мен музыкада мәңгі сақталады. БӨМ оқушылары ұсынған музыкалық нөмірлер: Верачини «Ларго» – Алина Колесникова (педагогы О.Н. Габдрахимова), Земля Казахстана» – София Растворова (педагогы Л.М. Идырысова) дөңгелек үстелге қатысушыларға адамзаттың қазіргі және болашақ тарихында осындай трагедиялардың қайталануына жол бермеу үшін өткеннің қатыгез сабақтарын саралауға көмектесті.
Бұл қасіретті жылдар Қазақ жерінде ешқашан қайталанбасын. Қазір біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Әрқашан осы тұрақтылық сақталып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры, алар асуларымыз биік болсын!
314597990_438741225098337_7401860240856795569_n
314618957_3210000772663066_163202971662197832_n
314620854_531941865015621_9135960536118264421_n
314904987_156504250050813_5367344916374658216_n
314979598_788908568838326_7221994949663420508_n
previous arrow
next arrow