«Армысың, күн шуақты Наурыз»

№4 кітапхана бөлімшесінде «Армысың, күн шуақты Наурыз» атты ойын-викторинасы өтті. Қатысушылар Наурыз мерекесіне арналған «Көктемгі жаңару мерекесі қалай аталады?», «Қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйі», «Бие сүтінен дайындалған сусынның атауы» сияқты және басқа да көптеген викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойынға екі команда қатысты. Балалар дұрыс және жылдам жауап бере отырып жарысты.