«Авторымен танысу» әдеби қонақжайы («Жас оқырман» жобасы аясында)
18 наурыз күні кітапханада «Көңілді көңіл-күй фестивалі» өтті. Іс-шараға №1 мектеп-лицейінің 1-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында балалар кітапхананың балалар абонементімен және оның кітап қорымен танысты. Кітапханашы смайликтерді көрсетіп, балалар әр смайликке сәйкес эмоцияларды сахналық түрде бейнеледі. Сондай-ақ «Кітап жұмбақтары» ойыны ұйымдастырылып, балалар Золушка, Печкин, Щука, Рапунцель сияқты ертегі кейіпкерлерін тапты. Балалар Барбарики әндеріне билеп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Одан кейін кітапханашы Фиксики мен Смешарики ертегілері бойынша пазлдар құрастыруды ұсынды. Бұл тапсырма балаларға ерекше ұнады.
Әрі түрлі кітаптардан құралған қызықты көрме ұйымдастырылып, оқушылар үлкен қызығушылық танытты. Іс-шара соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.





