«Бұл менің Отаным»ақпараттық өлкетану кездесуі

Тұрғындарды өлкетану сипатындағы әдебиеттерді оқуға тарту, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Саран қалалық Қазынашылық басқармасының ұжымы үшін «Бұл менің Отаным» атты ақпараттық өлкетану кездесуі өткізілді, кітапханашы Т.Н. Коняева қала тарихын сипаттайтын өлкетану кітаптары мен құралдарына шолу жасады, қала ақындары және олардың шығармашылығы туралы, сондай-ақ қаламыз мақтан ететін атақты адамдар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Соғыс жайлы естеліктер….», «Чернобыль жан сыздатар ащы естелік», «Малая родина- большая история», «Я сын своей земли», «Поселок наш: история и судьбы», «Я не случайный гость земли родной» атты өлкетану құралдары үлкен қызығушылық тудырды.