«Балаларға соғыс туралы оқимыз» еске алу күні

Кітапханашы балаларға Ұлы Отан соғысының басталуы, жеңіске жетудегі қиын жол, балаларға арналған соғыс туралы кітаптар мен олардың авторлары А. Твардовский, Лев Кассиль, С. Михалков, К. Паустовский, А. Платонов, А. Гайдар, Б. Полевой, С. Алексеев және т. б. туралы әңгімеледі. Балалардың қалауы бойынша С. Алексеевтің » Богатырские фамилии» және А. Твардовскийдің «Пускай до последнего часа расплаты…» әңгімелері оқылды. Балалар әңгімелерді қорыта талдай отырып, батырлардың ерліктері мен батылдығы және олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін талқылады.