«Барлық мамандық маңызды!» атты кездесу-диалогы.

Іс-шараға №9 арнайы мектеп-интернатыныңоқушылары қатысты. Кітапханашы «Мамандық дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме өткізіп, мамандықтар әлеміне қызықты саяхат жасады. Іс-шара барысында «Мамандықты тап» ойыны, «Кімге не қажет?» байқауы және «Барлық мамандық маңызды» викторинасы өткізілді. Кітапханашы оқушылардың назарын түрлі мамандықтар туралы кітаптар мен энциклопедиялар қойылған «Мамандықтар әлемі» атты кітап көрмесіне аударды.Іс-шара балалардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтіп, өз қызығушылықтарын танытуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік берді.