«Библиокеруен» ақпараттық өлкетану кездесуі

«Саран қаласының архиві» ММ ұжымы үшін қаланың 70 жылдығына орай «Библиокеруен» – «Менің Отанымның бастауы» атты ақпараттық өлкетану кездесуі өткізілді. Кітапханашылар О.А. Лаухина мен А.С. Мусина қала тарихын сипаттайтын өлкетану кітаптары мен оқулықтарына шолу жасады, қала ақындары, олардың шығармашылығы, сондай-ақ танымал тұлғалары, қала мақтан тұтатын Құрметті азаматтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Өлкетану кітаптары «Саран» фотоальбомы, «Тағдырлас қалам Саран» кітабы, және кітапхана дайындап шығарған «Соғыс жайлы естеліктер», «Кіші Отан-үлкен тарих», «Мен өз елімнің ұлымын», «Біздің кент: тарих және тағдыр», «Мен туған өлкемнің кездейсоқ қонағы емеспін» және т.б. библиографиялық оқулықтар үлкен қызығушылық тудырды. «Чернобыль жан сыздатар ащы естелік» және т.б. QR кодтары бар және толықтырылған шындықты оқулықтар көрнекі түрде көрсетілді.