«Білім күні» библио-экскурсиясы

№1 мектеп-лицей оқушыларына арналған кітапхана арқылы ақпарат әлеміне қызықты экскурсия өткізілді.

Балалармен әңгіме барысында кітапханашы адамзат жасап шығарған кітап әлемдегі ғажайыптардың бірі екенін айтты, одан көптеген қызықты және танымдық ақпарат алуға болады. Балалар кітапхананың тарихы мен жұмысы туралы білді, қормен танысты: оқу құралдарымен, анықтамалықтармен және табысты оқу үдерісі мен өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал ететін кітаптармен танысты.