«Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» тарихының орбитасы

Біздің тарихымыздағы аса маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін белгілеу болып табылады. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы Заңдарға қол қойылды. Бүгінде бізде халқымыздың тарихи жолын, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бейнелейтін Әнұран мен Елтаңба және көгілдір көк Туымыз бар.

Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар.

«Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты тарих орбитасы интеллектуалдық-танымдық сипатқа ие, еліміздің патриоттары мен азаматтарын қалыптастырудағы маңызды кезең болып табылады.