«Біз алтын жасты мадақтаймыз» мерекелік сағат

Ең құрметті – аға буын өкілдеріне арналған мерекені атап өту жақсы дәстүрге айналды. Жүргізуші мереке туралы айтып, қатысушыларды құттықтап, зор денсаулық, жақсы көңіл-күй және ұзақ өмір тіледі. Іс-шара қонақтары жастық шақтарының құпияларымен, аспаздық рецепттерімен бөлісті, сүйікті әндерін шырқады, түрлі ойындар мен байқауларға қатысты: «Танысайық», «Әже бәрін біледі», «Шумақты кім тез көреді», «Кітап диалогы», «Музыкалық», «Тапқырлық» және т.б..

«Сізге ұзақ өмір тілейміз…» атты кітап көрмесі рәсімделді. Оқырмандар назарына зейнеткерлер өмірінің маңызды мәселелерін, сұлулық пен жастық шақ, денсаулық пен ұзақ ғұмыр рецептерін қамтитын әдебиеттер ұсынылды.