«Біздің көшелеріміз – біздің батырларымыз»

№2 ООК балалар бөлімінде «Атамекен» өлкетану үйірмесінің жұмысы аясында жас оқырмандар үшін Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған «Біздің көшелеріміз – біздің батырларымыз» атты тарихи экскурсы өткізілді.  Балалар Ақтас кентінің қалыптасу тарихымен және Ұлы Отан соғысының батырлары – Н.Ф. Гастелло, Л.Шевцова және У. Громованың есімдерімен аталған кент көшелері атауларының тарихымен танысты, Ақтас ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі туралы білді. Балалардың назарына еліміздің тарихы туралы кітаптар ұсынылды.