• Қазақ тілі
  • Русский
  • Шахай Ш. Жан жүрегім – Астана: «Сарыарқа» баспасы,2018.

    «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша биыл «Сарыарқа» баспасынан 2000 данамен шыққан «Жан-жүрегім – Астана» кітап-альбомы Шүкір Шахайдың көзі мен көңіліндегі Астананың даму тарихына арналған.

    Астананың 20 жылдығына орай жарық көріп отырған кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масындағы тапсырманың бірі елімізді әлемге таныту екені белгілі. Кітап-альбом­ның бұл орайда алатын орны да ерекше болып тұр.

    Шүкір Шахай басқасын былай қойған­да, ескі тарихқа да жаңа көзбен қарайтын тұлғалардың қатарына жатады. Ол түсірген суреттерде нақтылық пен деректілік, болашаққа деген сенім, ыстық ықылас пен қажымас қайрат менмұндалап тұрады. Астананың 20 жылдық тарихына арналған альбом бүкіл еліміздің де даму тарихынан хабар береді. Сүйсінесіз, сүйінесіз. Бұл – біздің еліміз! Бұл – біздің Астана!

    Бауыржан Момышұлы. Майдан жыры мен сыры = Бауыржан Момышулы. История одной книги [Мәтін] / Ж. Ыбыраев. – Алматы : ҚазАқпарат, 2018. – 380 б.

     қазақ және орыс тілдерінде = на каз. и рус. яз.                

    Белгілі журналист, жазушы Жүніс Ыбыраевтың бұл жинағына қазақ халқының батыр ұлы, Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен қолбасы Бауыржан Момышұлы жайлы деректі әңгімелері еніп отыр. Автор архивтік материалдарды ақтарып көп ізденіп, салмақты еңбек жасаған. Бұл кітаптың өскелең жас ұрпақтың

    батыр Бауыржан бейнесін тани-білуіне, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға септігін тигізері даусыз.

    В документальной повести журналиста Жунуса Ибраева «Бауыржан Момышулы. История одной книги» впервые систематизированы хранящиеся в Центральным госархиве республики фронтовые дневники, письма и выступления Б. Момышулы, которые отражают его непосредственное участие в создании известной теперь во всём мире книги о боях за Москву – повести Александра Бека «Волоколамское шоссе».

    үйлестіре алуының, яғни шығармашылық зертханасының қыр – сырын тануға; тұлға ретінде қалыптасу жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді

     

    Астана: өлеңдер мен әндер.- Астана:Фолиант,2018.

    Жиырма жыл ішінде әсем шаһарға айналып үлгерген бас ордамыз жан дүниесі нәзік шығармашылық иелерін қанаттандырып, оларға тың тақырып, жаңа серпін берді. Қара сөздің қайнарынан нәр алған ақындар ойлы да отты жырларымен арқа төсіндегі көрікті қаланы жырмен өрсе, композиторлар бас қаланы назға да сазға толы рухты әндерімен тербеді. Осы жылдар ішінде елорда туралы қаншама шырайлы, шынайы дүние­лер туды. Соның бір парасы осы жинаққа еніп отыр.

    Кітаптың алғы сөзін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы жазыпты. Ол «Астанадай аймаңдай қаланың болашағына үлкен құрметпен қарау – ұлттың әр перзентінің қасиетті борышы! Соның ішінде ақынжүректі пенденің махаббаты бөлекше боларын ел біледі. Алты құрлық көз тігіп отыр­ған Алтын орданың заңды жалғасы, әлемге тарыдай шашыраған әр қазақ баласының арқасүйері, келешек ұрпақтың кемел болашағы ол – жалғыз тұғыр, жалқы шың – Астана болмаққа керек» деп төгілтіп жазыпты.