«Көктемгі қиялдар»
ОҚК кітапханашылары ЖҚжӘБ КММ үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің мүмкіндіктері шектеулі балаларына арналған «Көктемгі қиялдар» атты шығармашылық шеберханасын өткізді. Шара барысында балалар қолдарында бар заттардан шеберліктерін көрсете отырып, тамаша гүл шоқтарын жасады. Соңында кітапханашылар балаларды түрлі-түсті қызықты шынайлықпен толықтырылған кітаптарымен таныстырды.