«Кітап Time-2026»
«Кітап Time-2026» республикалық кітап фестивалі аясында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев» атты қалалық мерекелік іс-шара Жамбыл Жабайұлының ескерткіші алдында өтті. Кешіміздің құрметті қонағы — облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Саран қаласының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ардақты азамат — Серік Хамзаұлы Мұстафин оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен таныстырып, ақынның өнегелі мұрасын насихаттады. Іс-шара барысында Абай атындағы ЖББМ оқушылары мен Абай атындағы СЖГТК және СТК студенттері ақынның жыр шумақтарын жатқа айтып, күйлер орындап Жамбыл шығармашылығына деген құрметтерін көрсетті. Шара соңында қатысушылар Фотоаймақта естелік суреттерге түсті.
