«КітапTime – 2023»

Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасында кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамымыздың зияткерлік әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру мақсатында «КітапTime – 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі өткілді. Осы мерекелік шараға орай «Саран қ. ОКЖ» КММ директоры Л.А. Мартель құттықтау сөз сөйлеп, «Кітап оқу – зиянды емес, кітап оқымау – зиянды», деп атап өтті.
ОҚК алдындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін келесі алаңдар жұмыс істеді: Саран қаласының ақындарының, «Жас толқын «әдеби клубының мүшелерінің қатысуымен «Поэтические кружева» әдеби қонақжай отырысы өткізіліп, Қ. Аманжоловқа арналған «Қасым әуен! Қасым жыр! Қасым ақын!» ІІІ қалалық байқауының қорытындысы жасалды. Шығармашылықты ұнататындарға «Тұмар білезік тоқу» шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Қонақтар «Әдеби аукцион» букросингі, «Кітапты тап» викторинасына, «Сиқырлы сандық» атты қозғалмалы ойындарға белсенділікпен қатысып, ерекше, қызықты кітаптар әлемімен танысты.