Қазақ ертегісінің антологиясы

   №2 ООК-ның балалар бөлімінде №13 ЖББМ мектепалды лагерінің балаларына елорданың 20 жылдығына арналған («Атамекен» үйірмесі аясында) «Қазақ ертегісінің антологиясы» атты этнографиялық калейдоскоп өткізілді. Іс-шара барысында балалар қазақ ертегілері әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлерін еске түсіріп, қазақ ертегілерінің ұлттық ерекшеліктері жайлы ойларын ортаға салып, «Қазақ ертегілерінің даналығы» викторинасына белсене атсалысты. Ең өжет балалар «Ал сен қазақ ертегілерін білесің бе?» ғаламтор ресурсының тестілеуіне қатысып, қазақ ертегілері бойынша білімдерін көрсетті. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар балаларға ұсынылған «Қазақ ертегілерінің антологиясы» атты ашық көрсетіліміндегі кітаптарға шолу жасалды

 

       
           

 

 


Келулердің саны: 802