«Қала картасындағы атау»

  Саран қаласының ОКЖ кітапханашылары қала тұрғындарынан құралған делегация құрамында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қала картасындағы атау» өлкетану жобасы аясында еліміздің киелі жерлерінің бірі – Баянауыл өңіріне барып қайтты.  Әрқайсысы әсемділігімен ерекшеленетін, ұлттық бақтың маржандары – Жасыбай, Торайғыр өзендерін тамашаладық. Жасыбай өзенінің ортасында жүрек пішінді арал орналасқан және ол махаббат аралы аталып, туристер демалатын нағыз курорттық аймаққа айналған.       

 

. БТорайғыр өзені – өзінің құпиялылығымен таң қалдырды: бір жағынан көгілдір өзен суы иен даламен ұласып жатса, екінші жағынан Баянауыл тауларымен қоршалған. Бізге өте сирек кездесетін және дүниежүзі бойынша Баянауыл мен АҚШ-тың Калифорния штатында ғана өсетін қара қандыағашты тоғайлар өте ұнады. Бұл тоғайда, тіпті, ауаның өзі бөлек – тым таза, ғажап! Мүмкін ауаның тазалығы тоғай табиғатын өзінің жандандыратын ылғалымен қореқтендіріп тұрған бұлаққа байланысты шығар? Кім білсін?!

 

     
         
     
         

 


Келулердің саны: 766