«Астана - еліміздің мәдени және рухани орталығы»

       
           

 

2018 жылғы 4 шілдеде Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалында «Астана – еліміздің мәдени және рухани орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан астанасының тарихы мен даму жолы туралы талқылады, және еліміздің астанасы «Толеранттылық пен достықтың астанасы» деп аталуға толық құқылы деген пікірге келді. Себебі біздің астанада әртүрлі халықаралық саяси және экономикалық форумдар мен келіссөздер өткізіледі.

Құттықтау сөзбен «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.С. Тәжібаева шықты және партияның жаңа мүшелеріне партия билетін ұсынды. Дөңгелек үстелге еліміз үшін ең маңызды тарихи кезеңде туған Астананың құрдастары шақырылды. Олар өздері туралы айтып өтіп, осы 20 жылдық уақытта жеткен жетістіктерімен бөлісті. Іс-шараның соңында Астананың тарихы жайлы «Астана – арман қала» атты деректі фильм көрсетілді.


Келулердің саны: 553