«Разговор на языке сердец»

Рухани келісім күні қарсаңында Орталық қалалық кітапханада коворкинг орталығында «Разговор на языке сердец» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бейбітшілік пен рухани келісім мерекесі Қазақстан халқының сенімін нықтайтын, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды, толеранттылық пен рухани келісімді насихаттайтын мереке.

          Аталған іс-шараға Саран қаласы мешітінің бас имамы М.С. Саликов, Ардагерлер ұйымының төрағасы Г.Я. Сычева, Ардагерлер ұйымының мүшелері Т.А. Кучеренко, Е.И.Прохорова, «Саран газеті» газетінің корреспонденті Т.В. Стрельчук, СТК кітапханашысы М.А. Гофман және қала жастары қатысты. Іс-шара барысында «Рухани келісім күні» атты бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардың тақырып бойынша сөйлеген сөздері тындалды. №1 БӨМ оқушылары А. Кумекова мен Н. Мурсалиева «Секіртпе» күйін орындады.

Ары қарай дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар: білім, мәдениет, саясат және дін туралы сұрақтарды талқылады.

Іс-шара соңында кітапханашы қатысушыларды «Рухани келісім – бейбітшілік пен бірлік негізі» атты кітап көрмесімен таныстырды.

 

       
       

Келулердің саны: 613