ҚР ұлттық валютасының 25 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – қазақстандықтардың төл теңгесі» атты ақпараттық – танымдық сағат

 

   №1ООК оқу залында №1 ЖББМ 8 сынып оқушыларына Қазақстанның ұлттық валютасы туралы заманауи және тарихи ақпараттар жайлы білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатында ҚР ұлттық валютасының 25 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – қазақстандықтардың төл теңгесі» атты ақпараттық – танымдық сағат өткізілді. Ісшара кітапханашының ең бірінші ұлттық валютаның енгізілу тарихы, құны толымды банк секторының қалыптасуы, «Харрисон және ұлдары» фирмасы, қорғаныс дәрежесі және сапалық деңгейі, тиындарды дайындау техникасы мен материалдары туралы әңгімесінен басталды. 

 

 

 

Кейін ісшара қатысушылары арнаулы тілшінің ұлттық валюта – теңгенің айналымға еңгізілуі туралы баяндалған бейнеролигін тамашалады. Ісшараны бекіту барысында балалар викторинаға қатысты.

 


Келулердің саны: 339