«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім және жасампаздық»

   Ұлтжандылық пен азаматтылыққа, өз Отанын мақтан етуге тәрбиелеу, тәуелсіздіктің құндылықтарын жете сезіну, еңбек сүйгіштікке баулу, сонымен қатар тәуелсіз елдің қалыптасу тарихы, әлеуметтік экономикалық дамуы туралы баяндайтын кітаптарды насихаттау және дәріптеу мақсатында қала тұрғындары үшін Саран қ. Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған қалалық іс-шара аясында Саран қ. ОҚК қызметкерлері «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім және жасампаздық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш кітап көрмесінде мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы даму жолдарын айқын бейнелейтін кітаптармен қатар Елбасының қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары ұсынылды. Ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.

 

   

 


Келулердің саны: 445