Ожившие полотна живописца

№2 ООК оқу залында Ә.Қастеевтің 115 жылдығына орай №13 ЖББМ 10-сынып оқушыларына «Суреттерді сөйлеткен қылқалам шебері» виртуалды арт-экскурсиясы өткізілді. Балалар электронды таныстырылымды көріп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін суреттері арқылы шебер көрсете білген ерекше суреткердің альбомын қызыға тамашалады. Виртуалды экскурсия арқылы оқушылар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқан бірегей, дарынды қылқалам шеберінің ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасы (2000 жуық жұмысы) туралы тың мәліметтерді біліп, білімдерін тереңдетті.

 

       
           

Келулердің саны: 244