Ел болып оқимыз

   30 қаңтарда Коворкинг орталығында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында және «Жас толқын» әдеби клубы мүшелерінің қатысуымен танымал казақ жазушысы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаев пен ақын Ә. Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына деген құрметті қалыптастыру, жастарды қазақ жазушыларының әдебиеттерін оқуға тарту және жастар арасында қазақстандық патриотизм идеясын насихаттау мақсатында «Ел болып оқимыз» тэйбл-talkі өткізілді.

Іс-шара барысында «Жас толқын» әдеби клубының белсенді мүшесі, А. Құнанбаев атындағы СГТК студенті Төкен Нұрлыбек домбыраның сүйемелдеуімен арнау орындады. ОҚК абонемент бөлімінің аға кітапханашысы Г. Ханафина «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» кітап көрмесіне шолу жасап, Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының пайда болу тарихымен таныстырды, ал қатысушылар роман туралы өздерінің ой-пікілерімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушыларға жазушы Ә. Кекілбаев пен ақын Ә. Тәжібаевтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара соңында «Жас толқын» әдеби клубының мүшелері танымал ақын Ә. Тәжібаевтың өлеңдерін оқыды.

 

 

 
 
     

Келулердің саны: 332