«Қасірет пен ерлік үні»

№2 ООК қызметкерлері №13 ЖББМ-мен бірлесе отырып, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай жасөспірімдерге «Қасірет пен ерлік үні» атты ерлік сабағын өткізді. Кездесуге Ауған соғысына қатысқан Александр Александрович Вахлачев есімді жерлесіміз шақырылды. Әңгіме барысында Александр Александрович оқушыларға шалғайдағы елде әскери борышын өтеген жылдарды, Отан алдындағы парызын өтеймін деп отбасына оралмаған жауынгерлерді айтып, шерге толы күндерін тебірене еске алды. Іс-шара барысында өскелең ұрпақ сұрапыл соғыстың ауыр тарихын біліп, «Ауған соғысы туралы деректер» бейнежурналын көріп, соғыс жылдарында айтылған әндерді тыңдады. Интернационалист-жауынгермен өткен кездесу шиеленіс нүктесінде өткен әскери қызмет туралы естіп,білген балалардың жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз.


Келулердің саны: 325