«Невада-Семей»

   №2 ООК қызметкерлері «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш саясатын насихаттау мақсатында №13 ЖББМ 8-сынып оқушыларына «Невада-Семей» монтаж сабағын өткізді. Оқушыларды Семей полигонында өткізілген ядролық сынақтар тарихымен, олардың экологиялық және әлеуметтік салдарымен таныстырды. Балалар ядролық сынақтар хроникасы, радиобелсенді шөгінділер және ядролық сынақтарды тоқтатуға атсалысқан қазақстандықтардың қоғамдық күресі туралы «Ядролық полигон» деректі фильмін байыптылықпен тамашалады. Жасөспірімдер іс-шара тақырыбы бойынша ұсынылған әдебиеттерге шынайы қызығушылық танытты.

 

   
       
       

 

 


Келулердің саны: 78